- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде жасөспірім мен...
Семейде жасөспірім мен зейнеткердің автобуста төбелескен сәті видеоға түсіп қалды
Семейде жасөспірім мен зейнеткердің автобуста төбелескен сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде адам лық толы автобустағы жасөспірім мен қарт адамның төбелескен видеосы тарап, резонанс туғызды. Кадрлардан автобус жолаушыларының төбелескендерді ажыратуға тырысып жатқанын көруге болады, сонымен бірге қорқып қалған адамдардың айғайы да естіледі.
"Автобуста пакет ұстаған атаға жігіт орын бермегені үшін төбелес басталды. Ата жігіттен орын беруді өтінген, ал ол бермейтінін айтқан", - деп жазылған видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Абай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, төбелескендер ұсталып, тергеу басталғанын хабарлады.
"№41 автобустың жолаушылары төбелескен. Төбелеске видеоны әлеуметтік желіге жүктеген жолаушылар куә болды. Полицейлер жанжалдасқандары анықтады. Олар жасөспірім мен ересек адам. Әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша іс қозғалды. Сондай-ақ 15 жастағы жасөспірімнің тәртібі Семей әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясы қарайды, - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.
Төбелескен екінші адам - егде жастағы кісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер онымен де әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан