- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде жанып жатқан...
Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен сәби табылды
Фото:
Tengrinews.kz
Семей қаласында жантүршігерлік оқиға орын алды. Қоқыс жәшігінен бала табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Әлеуметтік желідегі ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиға Семей қаласындағы ауданда болған. Сағат 12-лер шамасында табылған баланың денесінің 70 пайызын күйік шалғаны анықталды. Сәби реанимацияға жіберілді.
Еске салайық, бұған дейін де Алматыдағы қоқыс зауытында қоқыс пакетінің ішінен жаңа туған сәби табылған болатын. Полиция департаментінің өкілдері сәбидің өлі табылғанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева