Семейде ер адам полицияның екі көлігін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.
Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі оқиғаның мән-жайын айтты.
"Учаскелік полиция пункті маңында екі көлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 25 қаңтарда сағат 18:10-да бұрын сотталған, 66 жастағы жергілікті тұрғын масаң күйде учаскелік полиция пункті маңында заңсыз әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan маркалы екі көлікті өртеп жіберді", - деді ІІМ өкілі.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!