Семейде ер адам полиция бөлімінің алдында аяусыз соққы жеген

Семейде ер адам полиция бөлімінің алдында аяусыз соққы жеген
Фото: Видео кадры

Семейде ер адам полиция бөлімінің алдында аяусыз соққы жеген. Желіде оқиғаның видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға күндіз қаланың орталығында, орталық полиция бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің маңында болған. Кадрда ер адам жерде жатқанын көруге болады. Оның қасында үш адам бар: олар айғайлап, төпелеп ұра берген. Жәбірленуші қарсылық көрсетпеген.

Оқиғаға қатысушылардың бірінің қолында пышақ тәрізді зат байқалады. Кейін жағдайға басқа адам араласуға тырысады.

Абай облыстық Полиция департаменті өкілі бұл оқиға туралы ақпаратты растады.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы бір адамның орналасқан жері анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес жанжал тараптар арасындағы өзара келіспеушілік негізінде туындаған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Полиция жәбірленуші ауруханаға жатқызылғанын айтты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget