Семейде 30 жастағы ер адам бір айға жуық уақыттан бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Алтай Болатовтың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп жатыр. Ер адамның психикалық ауытқуы бар болғандықтан есін білмеуі мүмкін.
Жоғалған адамды іздестіруге 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған.
Іздестіру шаралары Затон және Мирный аудандарында жүргізіліп жатыр.
"Егер сіз осы суреттегі ер адамның орналасқан жерін білсеңіз "102" арнасына хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!