Жексенбі күні кешкісін Семейдегі жерасты өткелдерінің бірінде "елес" кейпіне енген 22 жастағы қыз қала тұрғындарын шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Семей полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Осы факті бойынша полицейлер қоғамдық орында тұрғындарды шошытқан қызды анықтады.
Сот шешімімен қыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл салынды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз