Семейде екі зейнеткер алапат өртте тірідей өртеніп кете жаздады

Семейде екі зейнеткер алапат өртте тірідей өртеніп кете жаздады
Фото: Видео кадры

Семейде екі зейнеткер алапат өрттің ортасында қалып, тірідей өртеніп кете жаздады. Төтеншеліктер келгенше, оларды екі жігіт құтқарып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдай қос қабатты үйде болды. Баспана аяқ астынан отқа оранған.

Сол сәтте үйде 73 және 74 жастағы екі зейнеткер қалып қойған. Төңіректі лезде қою қара түтін торлап, олар өздігінен сыртқа шыға алмай қалады.

Көшеде кетіп бара жатқан екі жігіт еш ойланбастан өртте қалған зейнеткерлерді алып шығуға ұмтылады. Қариялар дін аман. Құтқарушылар өртті дереу сөндірген. Өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget