Семейде екі шетелдік азамат қоғамдық орында дәрет сындырған

Семейде қоғамдық орында тәртіп бұзған шетелдік азаматтарға елге кіруге шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Абай даңғылы бойындағы бір мекеме маңында күндізгі уақытта екі шетелдік азамат дәрет сындырғаны көрінетін видео тараған.

Абай облысы ПД

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары көмегімен күдіктілерді анықтаған.

"Олар 37 және 43 жастағы шетелдік азаматтар болып шықты. Бұл жайттың видеосы әлеуметтік желілерде оқиға болғаннан кейін бір ай өткен соң жарияланған. Осы уақыт ішінде олар Қазақстан Республикасы аумағынан шығып кеткен. Соған қарамастан олардың әрекетіне құқықтық баға берілді. Полицияның бастамасымен олардың Қазақстан Республикасы аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.

Ішкі істер министрлігі тиісті шаралар қабылдау үшін ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жолдаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз