- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семей бала
Семейде екі жастағы бала үйінде құлыпталып қалған
Фото:
ТЖМ
Семейде ТЖМ құтқарушылары құлыпталып қалған баланы құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Құтқару қызметіне әйел қоңырау шалып, екі жасар баласы пәтерде құлыпталып қалып қалғанын айтты.
Шақыру орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, құрал-саймандардың көмегімен кіреберіс есіктің құлпын бұзып, есікті ашты.
Біраз уақыттан кейін алаңдаған ана баласын құшағына алып, ведомство мамандарына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек