Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды. Полиция әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, сүйектер қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бұрынғы "Пищевик" стадионының аумағынан табылған.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Тәркіленген қалдықтар олардың шығу тегі мен көмілген уақытын анықтау үшін сараптамаға жіберілді", - деп түсіндірді полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдары мұндай жағдайларда азаматтардан ішкі істер органдарына хабарлауды және полиция қызметкерлері келгенге дейін өз бетінше әрекет етпеуді сұрайды.
Бұған дейін Семей орталығында өлкетанушылар бұрынғы бекініс зиратының аумағында болуы мүмкін бірнеше ескі құлпытасты тапқан болатын. Құлпытастардың бірі Достоевскийдің айналасындағы адамдармен байланысты болып шықты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz