Семейде бұралқы иттер сегіз жастағы қызды қапқан. Анасы баланы иттерден арашалап алған, бірақ қыз жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Abai News Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 21 сәуірде сағат 18:00 шамасында Бөгенбай батыр көшесінде болған. Зардап шеккендердің айтуынша, оларға иттер шабуыл жасаған, бірден балаға шапқан.
"Алғашында оның қолынан, сосын бетінен тістеп алған. Біз жақын жерде болдық, ал бала күртешесі қалың болды. Онда өте агрессив иттер болды. Мен, ұлым және анам әйтеуір итті қызымнан қуып жібердік", - деді отбасы мүшесі.
"Еститініміз - қаңғыбас иттен қорыққан ағайынның арызы". Өңірлерде бұл мәселе қалай шешіліп жатыр?
Қыздың әкесінің айтуынша, бала қатты күйзеліске ұшыраған, қазір үнемі жылай береді.
"Қызым жалғыз болғанда не болатынын елестеткім келмейді. Қанша екпе алдық, тағы қанша алу керек. Бұл біздің облыс үшін ауқымды мәселе. Балалар бұралқы иттер талап тастай ма деп мектепке баруға, жаттығуға баруға қорқады. Ұстау қызметі мұнымен айналысқысы келмейді, ал полиция ештеңе істей алмайды. Біз не істейміз? Ертең біздің орнымызда басқа бала болуы мүмкін. Ауруханада қызыма тігіс салды, тістеген жері терең, қан көп болды. Қазір антибиотиктер алып жүрміз", - деді қыздың әкесі.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұралқы иттер мәселесіне тоқталып, шара қолдану керегін айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!