Семейде бітпеген құрылыстың іргетасынан қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды

Абай облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орын анықталды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семей маңындағы саяжай алабында аяқталмаған құрылыстың іргетасы астында тегіс ұңғылы қос ұңғылы мылтық, АК-103 автоматы, Астра тапаншасы және 104 дана патрон тәркіленді.

ҚР ІІМ базасына сәйкес тіркелген және қылмыстық қару жоқ.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ішкі істер министрлігі осы бап бойынша бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектейтін не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы бар екенін ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!