Семейде жеке сектор үйлерінің аулаларын өзен суы басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Семей ТЖБ өкілдерінің мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 02:00-де Семей өзенінде мұздың қатуына байланысты жеке сектордағы үйлердің аумағын су басқан. Бұл туралы "Восточный правый" ауданының тұрғындарынан хабарлама түскен.
"10 желтоқсанда сағат 02:00 шамасында 112 нөміріне "Восточный правый" ауданында Семей өзенінде мұздың қатуына байланысты су басып туралы хабарлама келіп түсті. Осы жағдайдың салдарынан жеке сектордағы тұрғын үйлердің үш ауласын су басты. Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ауланы аралау жұмыстарын жүргізді. Қазір жағдай тұрақты, - деді Семей Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Талғат Дюсебаев.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, өзендегі су деңгейінің көтерілуі гидрологиялық бекеттен төмен тасқынның салдарынан болған. Құтқарушылардың айтуынша, қазір жағдай тұрақты. Қазгидромет пен Ертіс бассейндік инспекциясының мамандары Ертіс өзеніндегі су деңгейі мен мұз жағдайын бақылап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!