- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде әйел мен...
Семейде әйел мен 1 жасар бала құлаған шатыр астында қалып қойған
Семейдің құтқарушылары құлаған шатыр үйіндісінің астынан әйел мен баланы құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 сәуірде сағат 09:34-те Семейдің "112" пультіне Сырлыбаев көшесінде жеке үйдің төбесі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, үйде балалар болған.
Семейде 1 жасар бала мен анасы құлаған шатыр астында қалып қойған. Абай облысының құтқару бөлімшелері дереу оқиға орнына шықты.
"Сағат 09:42-де шақыру орнына келгеннен кейін, қонақ бөлмесінде тұрғын үйдің төбесі құлағаны анықталды. Құтқарушылар дереу барлауға кірісті. Барлау барысында үйінділердің астынан құтқарушылар 1982 жылы туған әйелді, 2022 жылы туған жас баланы құтқарды. Құтқару бөлімшелері келгенге дейін үй иесі мен оның 2012 жылы туған қызы өз бетінше шықты, ал 2020 жылы туған баланы көршісі құтқарды. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің қарауынан кейін зардап шеккендер Семейдің ЖМЖА-ға жатқызылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша құлау алаңы - 24 шаршы метр. Құтқару операциясына Абай облысы ТЖД жеке құрамынан 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.
"Абай облысы ТЖД қырағы болуды және барлық қажет қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды! Төтенше жағдай кезде "101" немесе "112"нөмірлеріне қоңырау шалыңыз", - деп ескертті ТЖД мамандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек