Абай облысында әйел көпірден секіріп мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бүгін Семей қаласында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, тұрғындар көпірдің астынан, мұз үстінен әйелдің сүйегін тауып, полицияға хабар берген.
Абай облысы Полиция департаменті редакцияға берген жауабында желіде тараған ақпаратты растады.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен қаза тапқан әйел мұндай қадамға баруына не итермелегені анықталады", - деді өңір полициясы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова