- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде автобус модульдік...
Семейде автобус модульдік полиция бекетіне соқтығысты
Фото:
polisia.kz
Семейде автобус модульдік полиция бекетіне соқтығысты, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 тамыз күндізгі уақытта 58 жастағы Dong Fang маршруттық автобусын басқарып отырған жүргізуші Қ.Мұхамедханов көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол белгісіне, одан кейін модульдік полиция бекетіне соқтығысты.
Осы кезде екі полиция қызметкері пунктте қызмет атқарып отырған еді. Зардап шеккендер жоқ.
Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан