Семейде ауа райына байланысты көшедегі сулар арнайы техникамен алынып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауа райының күрт жылынуына және қатты жауынға байланысты Семей қаласының коммуналдық қызметтері қала көшелерінен жаңбыр суын арнайы техниканың көмегімен тасып шығару шараларын күшейтіп жатыр.
Қаланың көше-жол желісінен еріген қар суын шығаруға 10-нан артық ассенизаторлық машина (АСМ) жұмылдырылды.
Айта кетейік, қаланың көше-жол желісінде су басуға бейім 15 учаске анықталды. Қазір барлық учаскелер бақылауда, қажет болған жағдайда ассенизаторлық машиналар қосымша жіберіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!