Семейде адам сүйегінің бір бөлігі табылды: іске қатысты жаңа дерек шықты

Семейде адам сүйегінің бір бөлігі табылды: іске қатысты жаңа дерек шықты
Фото: almaty.tv

Семейдегі "Пищевик" стадионынан табылған адам сүйегіне қатысты жаңа болжам пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Ескі стадион орнына жаңа Жекпе-жек сарайының құрылысы басталған. Алайда жер қазу кезінде адам қаңқасының бөліктері табылған. Енді қала тұрғыны құрылыс алаңынан шыққан сүйек 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әкесіне тиесілі болуы мүмкін деп отыр.

Меруерт Нүрденованың айтуынша, марқұм жоғалар алдында стадионда күзетші болған және кезекті кезекшіліктен оралмаған. Содан бері із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Алайда бұл әзірге болжам ғана. Сүйек қалдықтары сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Ал құрылыс алаңындағы жұмыстар уақытша тоқтатылған.

"Сүйек табылған соң күдік пайда болды. Сараптама нәтижесін тосамыз. Бір жағынан сүйек әкемдікі болса, жерлеп, басына барып құран оқысақ деп ойлаймыз", - деді қала тұрғыны Меруерт Нүриденова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget