Семейде Абайдың ұстазы Риза-ат-Дин ибн Уәлидің зираты табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылдың 6 шілдесінде Мадияр Насыров пен жергілікті діндар, молда Рамиль Рахимбаев Риза хазіреттің қабірін тауып, анықтады. 250 жылдан бергі қорымда кезінде діни қайраткерлер жерленген. Зерттеу жұмыстары 2020 жылдан қолға алыныпты.
"Қабірдің сыртында 1876 жыл 4-мешіт имамы деп жазылған. 4-ші мешіт – қазіргі "Ағаш мешіт". Ағаш мешіттің алғашқы ғимараты 1847 жылы салынған. Ол ескіріп, орнына 1910 жылы осы қазіргі "Ағаш мешіті" салынған. Риза ад-Дин ескі Ағаш мешітте 1847-1876 жылдары имам және мүдәріс (ұстаз) болып қызмет еткен. Шәкірттері көп болған. Осыған қарағанда, Абай Құнанбайұлы дәл осы кісіде оқыған деген тұжырым растала түседі.
Семей қаласының ислам тарихын жазған Ахмет-Уәли хазірет осы кісінің шәкірті болған. Ол оны былай деп сипаттаған: "Бұхарада білім алған, ізгі әрі келбетті еді....", деп осыдан келе халық арасында Ахмет-Риза деп аталып кеткен. Риза-ат-дин ибн Уәлид 1876 жылы қайтыс болған. Ғалым Риза-ат-Дин ибн Уәлид Абай ұстаздарының бірі. Осы медреседегі басқа мұғалім Ахметуали хазреттің жазбаларына сәйкес, Риза ат-Диннің көптеген студенттері болған. Ахметуали Әзірет 1883-1902 жылдары өмір сүрген", - деді Мадияр Насыров.
Тарихшының айтуынша, Ахмет және Риза бөлек адамдар болып шықты. Оның бірі Абай ұстазы Риза-ат-Дин ибн Уәлидтің жерленген жері Семейден табылды. Ежелгі мұсылман зираты Ертіс өзенінің оң жағалауында татар өлкесі мен Восточный ауылы арасында орналасқан. Оның аумағы 170 000 шаршы метр болады.
Ахмет Риза медресесі сол кезде елдегі ең озық діни мектептердің бірі және қаланың ең ірі оқу орындарының бірі болды. Мұражай аумағында Ахмет – Риза медресесі орналасқан. Абай бұл медреседе 1855 жылдан 1859 жылға дейін оқыды.
Жайна Серікбекқызы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!