Семейде 91 жастағы кейуанаға күтушісі қорлық көрсеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, күтуші қартты күтіп-баптаудың орнына, үнемі балағаттап, қорлаған. Қарияның туыстары күдіктеніп, үйге жасырын камера орнатқан. Осы кезде қарттық жетіп, қауқарсыз күйде жатқан әжейге күтуші дөрекі сөйлеп қана қоймай, қолын батырғаны байқалған.
Кейуананың туыстары полицияға шағымданған. Тексеріс нәтижесінде күтуші әйелдің әрекетінен балағаттау, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлау белгілері анықталған.
"Қарияға күтім жасаған әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бұл құқықбұзушылық жеке айыптау санатына жататындықтан, кінәліні жауапкершілікке тарту үшін жәбірленуші тарапқа сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілді", - деді Абай облысы ПД өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!