Семейде 8 әйел 3 қызды тепкілеп тастаған. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікірі білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат Instagram-парақашалардың бірінде пайда болды. Блогер Семейде 8 әйел 3 қызды тепкілеп тастағанын жазған. Оның айтуынша, қыздар қазір ауруханада.
Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікірі білдірді.
"Бұл дерекке қатысты Орталық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды. Жедел шаралар жүргізілу барысында жанжал 21-29 жас аралығындағы қатысушылар арасында болғаны анықталды. Қазір толық әрі объектив тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабараламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!