- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде 13 жастағы...
Семейде 13 жастағы қызды аңдыған ер адам баланы құтқаруға барған полицейді пышақтаған
29 ақпан түстен кейінгі уақытта, полицейлер 13 жастағы қыздан белгісіз ер адам оны артынан қуып жүргені туралы хабарлама алған. "102" операторына қыз сыртқа шығуға қорқып, дүкенде күтетінін айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дереу учаскелік полиция инспекторлары шақыруға жіберілді, олар супермаркеттің жанынан күдікті адамды байқап, мән-жайларды анықтауға тырысқан, бірақ жігіт қолындағы пышағымен, тәртіп сақшыларына қарай жүгірген.
"Учаскелік полицейлер ер адамның дүкеннен кетуі керек екенін түсінді, өйткені ол маңда адамдар болып, зияны тиіп кетуі мүмкін. Агрессивті ер адамның назарын аударып, полицейлер рациямен көмек сұрады, патрульдік полиция экипажы дереу оқиға орнына келді. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полицей Асхат Ахатовқа күдікті пышақ жарақатын салған. Осыған қарамастан, жараланған қызметкер әріптестерімен бірге жекпе-жек әдістерін қолданып, қылмыскерді ұстады", - делінген хабарламада.
Басынан үш рет жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты полиция қызметкерінің өміріне қол сұғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан