Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 2025 жылы Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмекті басқаша есептелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов үкімет басшысының орынбасарына
"Жақында Парламенттің бірлескен отырысында Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын қабылдау керектігін айтып, ұсыныс енгізді. Бұл туралы депутаттық сауал да жолдағанбыз. Үкімет депутаттық сауал ерекше бақылауда ол мүдделі мемлекеттік органдармен қарастырылады деді. Осы мәселе қалай және қашан шешіледі?", - деді депутат.
Тамара Дүйсенова мәселе 2025 жылы шешімін табуы мүмкін екенін жеткізді.
"Проблеманы өзіңізбен бірге бірнеше жылдан бері талқылап жүрміз. Сондықтан мұнда 2 мәселе қаралды. Территориядағы радиацияның дозасын анықтаймыз ба немесе азаматтардың организміндегі радиациялық дозаны анықтаймыз ба? Сонымен 2 мәселеге келіп тірелдік. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі осы бойынша үлкен ғылыми зерттеу жұмысын 2025 жылы аяқтайын деп отыр. Сондай-ақ Семейдегі медициналық университетте өңірдегі азаматтардың базасы бар. Сонымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Біз 2025 жылға қарай әр азаматтың организміндегі радиациялық дозаға қарай әлеуметтік және медициналық көмекті қайта қараймыз", - деді вице-премьер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз