Семей тұрғынын бопсалаған күдікті қылмыс үстінде ұсталды

Семей тұрғынын бопсалаған күдікті қылмыс үстінде ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысының полиция қызметкерлері Семей қаласының 36 жастағы тұрғынын бопсалау күдігімен ұстады.

"Күдікті қала тұрғынын қорқытып, 175  мың теңге көлеміндегі қарызды қайтаруды талап еткен. Алайда ол бұл соманы өз "қызметі" үшін тағы 300 мың теңгеге арттырып, жалпы соманы 475 мың теңгеге дейін көбейткен", - деп жазылған хабарламада.

Жедел уәкілдер арнайы іс-шара ұйымдастырып, күдіктіні ақша алу кезінде қылмыс үстінде ұстады. Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.

Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бопсалау ауыр қылмыс екенін еске салды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget