Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемесінде тексеру топ қызметкерлері қырағылық танытып, мекеме аумағына есірткі түйілген мантылардың жеткізілуінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жазасын өтеуші сотталған танысына 24 мантының ішіне ет орынына есірткі түйіп әкелген. Тәртіп бөлімінің тексеру тобы мен ұлттық ұлан қызметкерлері, келушінің сәлемдемесін тексеру барысында 24 мантының ішіне жасырылып түйілген есірткіні тауып, тәркіледі.
"Мантытүйгіш семейлік" 24 мантының ішіне барлық салмағы 650 грамнан асатын гашиш салған екен.
"Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 297-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - деді мекеме бастығының орынбасары Ерсін Ахметжанов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!