10 қаңтар күні Абай облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы мектептердің бірінің жанында аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды заңсыз өткізді деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұсталған адам интернет-дүкеннің психотроптық заттарының "жеткізушісі" болып жұмыс істеген, ол облыс орталығының аумағында тыйым салынған заттарды қойып кетіп жүрген.
Күдіктіні тінту кезінде одан 9 дана мөлшерінде дайындалған, оралған полиэтилен орамы тәркіленген. Алынған психотроптық заттың жалпы салмағы 9,42 грамм болған. Полицияның бағалауынша, бұл өте үлкен үлкен мөлшерге жатады.
Күдікті Семей полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бұл кезде 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза беріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!