Семей тұрғыны көпір астынан өлі табылды. Абай облысы Полиция департаменті өкілі мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, Ертіс өзеніндегі мұз үстінде, аспалы көпірдің астынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
23 жастағы марқұмның өлімінің себептері де анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!