- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семей тұрғыны AnyDesk...
Семей тұрғыны AnyDesk қосымшасын орнатып, алаяқтарға тап болды
Семей тұрғыны AnyDesk қосымшасын орнатып, алаяқтарды байытқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл облыс орталығында азаматтардың алаяқтардың айласына түсіп, мобильді құрылғысына AnyDesk қосымшасын орнатқандардың 18 оқиғасы тіркелді.
Мәселен, Семейдің 36 жастағы тұрғыны AnyDesk қосымшасын орнатып, есепшотындағы 5,8 миллион теңгесінен айырылды. 27 желтоқсанда алаяқтар өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, мессенджерлердің бірі арқылы әлеуетті жәбірленушіні шақырған. Оған сену үшін олар оның атын, әкесінің атын, туған күнін және басқа да жеке мәліметтерін берді. Белгісіз біреулер оны банк карталарын екі факторлы қорғауды қамтамасыз ететін қосымшаны орнатуға көндірген. Жәбірленуші нұсқауларды орындап, алаяқтарға телефонға келген бір реттік кодты айтқан. Осы сәттен бастап шабуылдаушылар бейхабар адамның телефонын қашықтан басқаруға қол жеткізген.
Семей ҚБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ернар Ахметовтің айтуынша, алаяқтар AnyDesk сияқты қосымшаны пайдалана отырып, басқа біреудің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қол жеткізе алады.
"Семей тұрғындарына интернет-алаяқтарға қарсы ең жақсы қару қырағылық екенін еске саламыз. Карта шотына қатысты барлық операция телефон арқылы емес, тікелей банкте жүзеге асырылады", - деп түйіндеді Ахметов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек