Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Абай облысындағы "Семей орманының" 1,5 мың қызметкері сауықтыру жәрдемақысы мен үстемеақы ала алмай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол депутаттық сауалын үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдады.
Нұртай Сабильяновтың айтуынша, Абай облысы бойынша "Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағынан "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының" қызметкерлеріне үстемақы төлеу, әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру мәселесіне байланысты хат келіп түскен.
"Біріншіден, хатта техникалық персоналға үстемақы төлеу мәселесі көтерілген. Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес мемлекеттік орман шаруашылығы қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупінің төнуіне байланысты жұмыс үшін 100 пайызға дейін қосымша үстемақы беру қарастырылған.
Бірақ "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің техникалық ұжымына – жүргізушілер, радиобайланыс операторлары, тракторшылар, өндірістік және әкімшілік үй-жайларды жинаушылар және тағы басқаларына (№131 ерекшелік қызметкерлеріне) үнемдеудің жоқтығына байланысты үстемақы толық төленбей отыр. Бұл мәселе шешімін табу керек", - деді депутат.
Екіншіден, ауылдарда жұмыс істегені үшін 25 пайыз қосымша ақы қосу мәселесі бар. Алайда мұны аталған мекеме қызметкерлері ала алмай отыр.
"Ауылдарда табиғатты қорғау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға 25 пайыздан кем емес үстемақы төленуге тиіс. Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы №32 қауылысына сәйкес басқарушы персонал және негізгі персоналға кіретін лауазымдар тізбесі бекітілген. Оған табиғат қорғау мекемелерінің мамандары мен қызметкерлеріне, ауылдық жерлерде табиғатты қорғау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды адамдар санаты енгізілмеген. Осы санатты аталған қаулыға енгізу қажет", - деді Нұртай Сабильянов.
Yшіншіден, қызметкерлер сауықтыру жәрдемақысын алмаған.
"Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің техникалық персонал санатына кіретін 1500-ге жуық қызметкер осы жәрдемақыны ала алмай отыр", - деді депутат.
Нұртай Сабильянов жоғарыда аталған мәселені шешу үшін премьер-министрге өз ұсыныстарын айтты:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!