Семей орманындағы өрт: Іске қатысы бар екі адам сотталды

Семей орманындағы өрт: Іске қатысы бар екі адам сотталды
Фото: ТЖМ

Абай облысының соты ірі орман өрті туралы іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бородулиха аудандық соты ҚК 292-бабы 3-бөлігі "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық істі қарады.

"Сот "Семей орманы» резерватында және Жаңа Үлбі филиалында басшылық лауазымдарды атқарған В. және К. орман өрті кезінде оларға жүктелген өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамағанын, жағдайды дұрыс бағаламағанын және өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегенін, соның салдарынан 14 адам қаза тапқанын анықтады. В. және К. кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген сараптамалармен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен және т. б. толық дәлелденген", - делінген соттың хабарламасында.

Осы айтылғандардың жазасы ретінде сот екі азаматты 7 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Ордабаев