Абай облысындағы "Семей орманы" табиғи резерваты тағы да өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылғы 4 тамызда сағат 15:30-да Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы бөлімшелеріне Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Әуеден барлау және су төгу құрылғысын пайдалана отырып, өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазәуеқұтқару" және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өртті 130 адам және 25 бірлік техника сөндіріп жатыр.
Астана мен Қарағанды облысынан қызметкерлер мен құралдар өрт орнына қосымша жіберіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!