Абай облысындағы "Семей орманы" аумағында тағы өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
"Бүгін, 15 шілде күні, Абай облысы ТЖД "Семей орманы" МОТР қызметкерлерінен 11-40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар). Сағат 11.52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары: облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан аса техникасы жіберілді", - делінген хабарламада.
Жедел ден қою мақсатында Семей қаласынан ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жіберілгені айтылды.
"ТЖ орнына ТЖ министрі Сырым Шәріпханов та кетті. Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 гектар болады", - делінген ТЖМ мәліметінде.
Өрттің жанында қазіргі уақытта "Шошқалы" демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!