Семей мен облыстың кейбір аудандарын еріген қар және жаңбыр суы басты. Өңірде су айдау жұмыстары түні бойы жалғасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғындар нөсер жаңбырдан кейін қаланы су басқан видеоларды жариялап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жыл сайын көктем келсе, қаламыз су астында қалады… Көшелерде жиналған су астында терең шұңқырлар жатыр. Кейде ол тек дөңгелекті емес, көліктің "балкасына" дейін соғып жатады. Әдеттегідей айтылатын жауаптар дайын: "Күн аяқ асты жылып кетті", "Жаңбыр жауды" деген сылтаулар", - деді желі қолданушыларының бірі.
Семей қаласы әкімдігі мәліметінше, еріген қар және жаңбыр суын шығару жұмыстары тәулік бойы жалғасқан.
"Қала аумағында су басудың алдын алу және су жиналған жерлерді тазарту мақсатында арнайы қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Түнгі жұмыстарға 65 техника, 20 мотопомпа және 250-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Мамандар көшелердегі, аулалардағы және су жиналған учаскелердегі суды шығарып жатыр. Жұмыстар тәулік бойы жалғасады", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова