- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семей колониясына тыйым...
Семей колониясына тыйым салынған зат лақтырмақ болған күдікті анықталды
Семей колониясына тыйым салынған зат лақтырмақ болған күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның №20 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттардың колония аумағына лақтыруына жол бермеді.
Тәртіп бөлімінің қызметкерлері 34 жастағы Семей тұрғынын ұстады. Ол тыйым салынған заттарды мекеменің негізгі қоршауы арқылы скотчпен оралған байламаны лақтыруға тырысты.
Аталған байламаны ашқан кезде одан телефон мен аксесуарлар, атап айтқанда қуаттандырғыш тоғы, қуат көзінің адаптері және құлаққаптар табылып, тәркіленді. Семейлік азамат бұл заттарды оған бұрын таныс емес адамдар лақтыруды сұрағанын мойындады.
"Қазіргі уақытта "курьерге" қатысты әкімшілік хаттама жасалды", – дейді тәртіп бөлімі бастығының орынбасары Арман Асаубаев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина