Семей қаласында 350 азаматты алдаған қаржы пирамидасы әшкереленді

Семей қаласында 350 азаматты алдаған қаржы пирамидасы әшкереленді
Фото: depositphotos.com

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті "Rakhat0425" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен. Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.

Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік "инвестициялық жарна" ретінде бағаланған.

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget