- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тағайындау
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Талғат Мұратов Алматы облысы Қаратал ауданы Кальпе ауылында дүниеге келген.
2007 жыл - Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын, 2015 жыл - Қазақстан инновациялық университетін, 2018 жыл - Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы "Стройдеталь" жеке кәсіпорынның атқарушы директоры қызметінен бастаған. Әр жылдарда түрлі мекемелерде басшылық қызметте болған.
2014-2018 жылдары Бесқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы болды.
2018 жылы Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина