- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семей әкімдігі ұрланған...
Семей әкімдігі ұрланған суреттері үшін суретшіге өтемақы төледі
Астаналық суретші Мағира Тілеубердина Семей әкімдігі оның жұмысын пайдаланғаны үшін ақшалай өтемақы төлегенін хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін, диджитал-суретші, арт туындылардың авторы Мағира Тілеуберлина авторлық құқығының бұзылғанын мәлімдеп, оның суреттерін Семейдегі көпір маңындағы саябаққа рұқсатсыз салып қойғандарына наразылық білдірген еді. Содан кейін Семей әкімдігі суретшіден кешірім сұрады, бірақ 12 шілдеде оның суреттерімен көпір маңын ашты. Суретші бірден әрекет етіп, Семей билігін әрекет жасамады деп айыптады.
Айтқандай, Семей әкімдігі суретшінің туындыларын муралға салған.
"Достар, қолдауларыңызға көп рахмет. Осы шуды көтергеннен кейін мені естіді. Өз жұмысымды пайдаланғаны үшін ақшалай өтемақы сұрадым. Енді ешқандай шағымым жоқ", – деп жазды Тілеубердина.
Кейін суретші Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовпен жеке байланысқанын, осы жағдайды шешуге және оқиға кінәлілерін жазалауға уәде бергенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы