Сел салдарынан 18 адам қаза тапты - видео

Сел салдарынан 18 адам қаза тапты - видео

Индонезияның Сулавеси аралында сел жүріп, салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тапты. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aljazeera.com сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушылар жексенбіде Макале елдімекеніне жақын маңнан 14 адамның мәйітін тапқан.

"Біз іздеу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Із-түссіз жоғалған адамдар бар. Алайда тұман мен жауын іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп, құтқарушылар демалыссыз әрекет етіп жатыр. Құтқару операциясына ондаған әскер, полицейлер және еріктілер тартылған. Жексенбіде олар екі адамды өлімнен арашалап қалды, оның бірі 8 жастағы қыз бала. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді", - дейді Табиғи апаттың салдарын жою агенттігінің басшысы Сулейман Малия.

Құйып жауған жаңбыр салдарынан лай көшіп, үйлерді басып қалған. Осы оқиға болған кезде бір үйде отбасылық жиын болып жатқан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz