Алматыда Наурызбай ауданындағы жағдай жіті бақылауда. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурызбай ауданында су басу дерегі тіркелмеген. Төтенше жағдайлар департаменті мен Наурызбай ауданы әкімдігі аппараты мәліметінше, аудан тұрғындары эвакуацияланбаған.
"Уақытша орналастыру пункттерін дайындау - қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмдеріне сәйкес қабылданған алдын алу шарасы. Хабарлау жүйесі іске қосылғанымен, уақытша орналастыру пункттеріне тұрғындар жүгінген жоқ. Қалалық қызметтер Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, тәулік бойы жағдайды бақылап, Ақсай өзеніндегі ахуалды қадағалап отыр", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік тұрғындарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпаратқа сүйенуге және расталмаған мәліметті таратпауға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары ішінара эвакуацияланатыны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!