Сексолог орамалдылардың төсек тақырыбына неге әуес екенін айтты

Сексолог орамалдылардың төсек тақырыбына неге әуес екенін айтты
Фото: видеоскрин

Сексолог маман орамал тағып дәріс оқыма деп сынайтындарға жауап берді. Маман өз саласына дінді араластырмайтынын жеткізді. Бұл туралы ол Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алина Шадинова, дәріс кезінде ешқандай уағыз айтпайтынын тек сексолог маман ретінде жыныстық сауаттылықта дәріс жүргізетінін жеткізді.

"Мен үшін ешқандай ілім, білім исламнан артық емес. Сексологияны оқыған кезде оларда туылған баланың жынысын жазбайды. Ол кейін өзі таңдайды. Бірақ мен бұл оймен келіспеймін. Жалпы сексология туралы жоғары оқу орындарында осы туралы көптеп айтылады яғни басқа шет мемлекеттерде. Яғни туылған бала өскен кезде жынысын өзі таңдап, ауыстырады. Мен дінді сексологияға қосамын бірақ білгенімді қосамын", - дейді маман.

Сондай-ақ, сексолог хиджаб кигенімен ешқандай дінге байланысты уағыз айтпайтындығын жеткізді.

© видеоскрин

"Мен дін өкілі болмағандықтан уағыз айта алмаймын. Бірақ білгенімді қосып отырамын. Адамдарда хиджабқа деген бір қызық пікірі бар секілді. Хиджаб адамды шектеп тастайтын дүние емес. Хиджаб кигендер көбеймей ма, олардың проблемалары болмай ма? Дей тұрғанмен шариғат тұрғыда кітаптар барғой көптеген. Жұбайлар шаттығы деген секілді. Бұл туралы ашық айтуға болады. Бұл жерде белгілі бір адамның жыныстық қатынасы емес қой. Бұл теория, биомедицина",-дейді Алина Шадинова.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы