Алматы полициясы жезөкшелер үйін ұстағандарға қандай қауіп бар екенін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері Алматыда жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру немесе жеңгетайлық жасаудың 76 дерегі анықталған.
"Бұл бағыттағы күрестің тиімділігі жақсы деңгейде, өйткені анықталған барлық 76 дерек бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік кодекске сәйкес, жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берген кәсіпкерлік субъектілері ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда олардың қызметін 3 айға дейін тоқтата тұрумен қатар, айыппұл 100 АЕК-тен басталып, 1000 АЕК-ке дейін жетеді. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 3 айға қызметін тоқтату мен қоса, 150 АЕК-тен 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады және құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кірісі тәркіленеді", - деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев.
Жеңіл жүрісті қыздар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша жауапқа тартылып, алғаш рет құқық бұзғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, егер бір жыл ішінде қайта бұзса, 5 тәулікке дейін қамалады және қосымша ішкі істер органдарына есепке алынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!