- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сегіз жыл жасырынған...
Сегіз жыл жасырынған қазақстандық алаяқ Өзбекстанда ұсталды
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Интерполдың Өзбекстан Республикасындағы Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады, - деп хабарлайды Nuz.uz.
2014 жылы қаңтарда 54 жастағы қазақстандыққа халықаралық іздеу жарияланған. Іздестірудің бастамашысы - Қазақстанның құқық қорғау органдары. Қылмыскер аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады және басқа адамдардың мүлкін ұрлады деп айыпталған. Қазір ол ұсталып, қамауға алынған.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда орналасқан Интерполдың Қазақстан Ұлттық орталық бюросына алаяқ ұсталғаны туралы хабарлама жіберілген.
Басылым мәліметінше, Өзбекстанның Бас прокуратурасы оны Қазақстанға экстрадициялау мәселелерімен айналысып жатыр.
Ж. Қадыржанова