- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сегіз жастағы қыз...
Сегіз жастағы қыз анасына өткен өмірі туралы деректер айтып шошытты
Сегіз жастағы қыз анасына өткен өмірі туралы айтып шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, америкалық Эшли екі баланың анасы. Ол TikTok-та қызының "өткен өмірі" туралы видео түсірген. Сегіз жастағы қыздың сөзінше, ол 1942 жылы қалай жол апатына түскені есінде.
@soulsignshypnosis Kids remembering their Past Lives. Check out the playlist. @2kidsmamadrama #kidsreincarnation #psychickids #kidsoftiktok #starchildren #pastlives #pastlifestories #kidspastlives #soulkids #fyp ♬ Autumn Leaves - Timothy Cole
Ол өткен өмірі туралы бес жасынан бері айтып жүр екен. Бұл жолы қыздың анасы "өткен өмірі" жайлы толығырақ сұрауды жөн шешкен.
Сегіз жастағы қыздың сөзінше, өткен өмірінде әкесінің есімі Сэмюэль болған, ал анасының есімі есінде жоқ, бірақ -ина деп аяқталған екен. Кристина немесе Валентина болуы мүмкін. Қыздың сөзінше, өткен өміріндегі отбасы 1942 жылы көлікте келе жатқан. Әкесі көлікті айдап келе жатқан, ал анасы жолаушыға арналған орында отырған. Қыз бен інісі артқы орында болған. Көлік солға бұрылған бетте асқан жылдамдықпен келе жатқан көлік соқтығысқан.
Анасы Эшли қызының айтқандарын телефонға жазып алған. Қызының бес жасында айтқаны мен сегіз жасында айтқаны бірдей болған. Артынша, Эшли қызынан оның бұрынғы өмірдегі анасы неліктен қауіпсіздік белдігін тақпағанын сұрағанда, қызы ол кезде қауіпсіздік белдігі болмағанын айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина