Жуыну кезінде қолданатын құралдың әрқайсысың өзіндік ерекшелігі бар, бірақ оның қайсысы сіз үшін пайдалырақ екенін анықтау қажет. Мамандар сабынның ең басты артықшылығының бірі - оның құрамындағы консерванттың өте аз мөлшері дейді. Ал негізгі кемшілік, әдетте, сабында рН-ның деңгейі жоғары болады, оны технологиялық процестердің арқасында төмендету қиынға соғады. Сондықтан құрамында рН деңгейі жоғары сабындар дене терісін құрғатады. Бұл туралы дерматолог Хейли Голдбах айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Byrdie" сілтеме жасап.
"Денені РН деңгейі терінікінен жоғары сабынмен жуу кейбір адамдарда, әсіресе терісі сезімтал адамдарда құрғақтық тудыруы мүмкін. Дегенмен, көптеген заманауи сабынның құрамында мұнымен күресуге көмектесетін майлар мен ылғалдандырғыштар бар екенін ескеру қажет", - деді дерматолог, медицина ғылымдарының докторы Хейли Голдбах.
Сонымен қатар, дәрігер сабынның көптеген түрі жуғанда жақсы кетпейтінін, қолданғаннан кейін денеде қабық қалдыратынын еске салды. Ал душқа арналған гельде мұндай мәселе жоқ, бірақ оның құрамында консервант көп. Жуғыш заттардың барлық типтік ерекшелігін ескеріп, сарапшы сабынды (табиғи және хош иіссіз) тек дене терісі сезімтал, тітіркенуге бейім адамдарға ғана қолдануға кеңес берді.
Ал басқаларға дәрігер душқа арналған гельді қолдануды ұсынды, өйткені сұйық өнімдер теріні жақсы ылғалдандырады, тыныштандырады.
Ал тері аурулары бар адамдарға мамандандырылған өнімдерді таңдаған дұрыс.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміз үшін қандай маңызы бар?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз