Щучинсктегі трагедия: қаза тапқандар саны артты

Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны тоғызға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің айтуынша, ең ауыр жағдайдағы екі науқас қабылданған барлық шараға қарамастан қайтыс болған. Қазір оқиға салдарынан көз жұмғандар саны - 9 адам.

Еске салайық, төтенше жағдай 26 ақпанда кешкі уақытта болған. Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан. Бұған дейін оқиға салдарынан 7 адам қаза тапқаны, оның бірі 16 жастағы қыз екені хабарланды. 

"Центр плова" дәмханасы жарылған сәт видеоға түсіп қалған.

Төтенше жағдай салдарынан 28 адам зардап шеккен. 

Сонымен қатар, Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!