Щучинсктегі трагедия: бірнеше адам әлі де аса ауыр жағдайда

Щучинсктегі трагедия: бірнеше адам әлі де аса ауыр жағдайда
Фото: Видео кадры

Щучинск қаласындағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің айтуынша, трагедиядан зардап шеккен барлық адамға тәулік бойы көмек көрсетіліп жатыр.

"Авиценна Бурабай" ЖШС ауруханасында ауыр жағдайдағы 4 науқас жатыр. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Екеуінің жағдайы аса ауыр. Көпсалалы облыстық ауруханадағы науқастардың үшеуінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Бір науқастың күйік шалған жері 85 пайыз болуына байланысты жағдайы аса ауыр. ...Астанадан анестезиолог-реаниматологтар, эфферентологтар келді, қазір гемофильтрация жасап жатыр", - деді ол.

Еске салайық, төтенше жағдай 26 ақпанда кешкі уақытта болған. Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан. Оқиға салдарынан 7 адам қаза тапқан, оның бірі - 16 жастағы қыз. 

"Центр плова" дәмханасы жарылған сәт видеоға түсіп қалған.

Төтенше жағдай салдарынан 28 адам зардап шеккен. 

Сонымен қатар, Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget