Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Видео кадры

Щучинскте "Центр плова" дәмханасында болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Кейінгі мәліметке сәйкес 28 адам зардап шеккен, 13 адам ауруханаға жатқызылған, сегізі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. 

Еске салайық, төтенше жағдай 26 ақпанда кеш уақытта болған. Ақмола облысы әкімдігі мәліметінше, 7 адам қаза тапқан (оның бірі - 16 жастағы қыз). 

"Центр плова" дәмханасы жарылған сәт видеоға түсіп қалған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget