Щучинсктегі дәмханада жарылыс болды: зардап шеккендер туралы не белгілі?

Щучинсктегі дәмханада жарылыс болды: зардап шеккендер туралы не белгілі?
Фото: Видео кадры

Ақмола облысы Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың айтуынша, Щучинск қаласының стационарына күйіктің әртүрлі дәрежесімен 13 науқас түскен.

"Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан медицина мамандары тартылды, қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы келді. Дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар. Науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр", - деді ол.

Сонымен қатар, зардап шеккен бес адам ТЖМ реанимобилімен Көкшетау қаласына жеткізілген.

"Тағы екі науқасты тасымалдау жоспарланып отыр. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жатқызылып, оларға барлық көмек көрсетіліп жатыр. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqmola Tjd (@112aqmola)

Еске салайық, бұған дейін қаза тапқандар саны өскені хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget