Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Центр плова" дәмханасы жарылған сәт видеоға түсіп қалған.
Еске салайық, төтенше жағдай 26 ақпанда кеш уақытта болған. Ақмола облысы әкімдігі мәліметінше, барлығы 26 адам зардап шеккен, соның ішінде 7 адам қаза тапқан (оның бірі - 16 жастағы қыз). 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!