Щучинскідегі студент Роман Бодаговтың өліміне не себеп болуы мүмкін екені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tirazh.kz-ке сілтеме жасап.
Шамамен 19 қыркүйекте Роман 17 жастағы жігітпен жанжалдасып, ол жігіт Әділхан Ахметовтен көмек сұраған. Бірнеше уақыттан кейін көлік келіп, Роман сол көлікке отырып, Әділханмен видео арқылы сөйлескен.
21 қыркүйекте Романға Данияр Каппасов хабарласқан. Каппасовтың есімі "Каспий" кафесінде болған атыс туралы жаңалықтарда да жүрген. Ол Щучинск орталығында кездесу ұйымдастырып, онда Роман досымен келген. Данияр да өз тарапынан "атысқа" досымен барғысы келген.
Олар кездескен кезде Данияр атыс қаруын шығарып, Романның аяқ тұсына атып жіберген. Артынша Данияр пышақты шығарып: "біз қасапшы емеспіз, жай сөйлескіміз келген" деген екен. Сол кезде Романның досы бірге-бір төбелесуді ұсынып, Данияр "біз гладиаторлар емеспіз, төбелеспейміз" деген.
Осыдан кейін жігіттер жанжалды шешкендей болған, алайда екі-үш күннен кейін Романға Әділхан хабарласып, ол досымен бірге орталыққа қарай келуі керегін бұйырып айтқандай болған. Жігіттер кездесуге келген кезде Әділхан мен Сергей Никифоров күтіп алған.
Әділхан олардың үйіне пышақпен келіп, "көрсететінін" айтқан. Ол Романға "не ақша әкелесің, не аман қалмайсың" деп шарт қойған. Роман келісіп, миллион теңге несие алмақ болған. Алайда банк несие беруден бас тартқан.
Сол кезде Әділхан таныстарына хабарласып, мекеме шот шығарып беруін сұраған. Алайда Роман тек 210 мың теңгесін төлей алған.
Одан кейінгі күндері Әділхан Ахметовтің достары Романға қысым көрсете бастаған. Алайда ол бұл жайлы ешкімге тіс жармай, болған оқиға жайлы тіпті ағасына да айтпаған. 6 қазанға қараған түні Романның денесі теміржол өткелінде табылған болатын.
Еске салайық, 6 қазанға қараған түні Щучинскідегі теміржол бойында Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті өлі табылған болатын.
Марқұмның есімі Роман Бодагов. Полиция мәліметінше, оның мәйіті Бурабай курорты мен Жамантұз арасындағы учаскеде теміржол бойында табылған. Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Артынша Президент Тоқаев Ішкі істер министріне тапсырма берді.
"Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды".
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!